Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес Қасым-Жомарт Тоқаев Камбоджа премьер-министрімен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев Таиланд Премьер-министрімен Шанхайда кездесті «Қиын жағдай»: Белгілі әншінің денсаулығы көпті алаңдатты Мемлекет басшысы: Дүниежүзілік ЖИ адамзаттың өсіп-өркендеуі мен қауіпсіздігінің жаңа тетігі Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект жөніндегі конференцияда сөз сөйледі Теміртауды кәріз суы басып жатыр: Әкімдік пен жауаптылар құр уәдеден асар емес

    Махмұд Сабырхан — Азия чемпионатының қола жүлдегері

    Махмұд Сабырхан — Азия чемпионатының қола жүлдегері

    Фото: Сали Сабиров, ҰОК

    Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында өтіп жатқан World Boxing аясындағы 2026 жылғы Азия чемпионатында 6 сәуірде Махмұд Сабырхан (55 келі) қола жүлдегер атанды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Қазақстандық былғары қолғап шебері жартылай финалда моңғолиялық Хархуу Билгуунсайханмен қолғап түйістірді.

    Махмұд Сабырхан — ұлттық құрама сапындағы тәжірибелі боксшының бірі. Қазірге дейін 2023, 2025 жылдары әлем чемпионы атанса, 2021 жылы күміс жүлде алды. 2024 жылы Азия чемпионатында алтын алса, 2022 жылы екінші орынға табан тіреді.

    Ал қарсыласы әлем чемпионатында ширек финалға дейін жеткен.

    3 раунд бойы отандасымыз қарсыласына қысым жасауға тырысқанымен, төрешілер 5:0 есебімен жеңісті Моңғолия боксшысына берді.

    Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Бақыт Сейдіш (70 келі) финалға жолдама алса, Валентина Хальзова (70 келі) қола жүлдегер атанды.

    Енді ел құрамасынан төрт спортшы шаршы алаңға шығады. Алдымен Надежда Рябец (80 келі) үндістандық Пуджа Ранимен кездессе, Дина Исламбекова (80 келіден жоғары) өзбекстандық Олтиной Сотимбоева, Ертуған Зейнуллинов (65 келі) таиландтық Бунджонг Синсиримен қолғап түйістіреді.

    Бүгінгі жарыс күнінде соңғы жекпе-жекті Төрехан Сабырхан (70 келі) қытайлық Пейчен Ванға қарсы өткізеді.

    Сондай-ақ еліміздің ерлер құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (75 келі), Нұрбек Оралбай (85 келі), Сағындық Тоғамбай (90 келі), Айбек Оралбай (90 келіден жоғары), әйелдерде Айгерім Сәттібаева (48 келі) жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →