Әкімдік уәде береді, ал халық батпақта жүр: Ақкөлдегі жол мәселесі тағы ушықты

Фото: видеодан скрин

Ақмола облысы Ақкөл ауданындағы Құрылыс–Қараөзек жолы тұрғындардың жүйкесін жұқартқан мәселеге айналды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Кадрлардан жолдың лайсаңға айналып, жеңіл көліктер үшін жүру іс жүзінде мүмкін емес екені көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, бұл проблема бір-екі күндік емес, жылдар бойы шешілмей келеді.

Жөндеу жұмыстары тек Новорыбинкаға дейін жүргізіліп, Қараөзек жағы назардан тыс қалған. Көктем сайын еріген қар суы жолды шайып, терең шұңқырлар пайда болады.

Соның салдарынан көліктер жиі бұзылып, адамдар қатынауда қиындық көріп отыр.

Аудан әкімдігі мәселені жоққа шығармай, алдағы уақытта грейдерлеу мен жөндеу жүргізілетінін айтты.

Алайда тұрғындар мұндай уәдені бұрын да талай естігенін айтып, нақты нәтиже талап етеді. Қарапайым халық үшін жол – жай ғана инфрақұрылым емес, күнделікті өмірдің тірегі. Егер жағдай өзгермесе, бұл мәселе тек әлеуметтік емес, қауіпсіздік проблемасына айналуы мүмкін.

Дереккөзі: sinegor.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика