Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 17 шілде 2026 $ 469,2 538,0 6,06
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • 30 адам зардап шекті: Қарағанды облысында вахталық автобус аударылып қалған

    30 адам зардап шекті: Қарағанды облысында вахталық автобус аударылып қалған

    Фото: видеодан скрин

    5 сәуірде Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында Бесоба ауылынан 15 шақырым жерде вахталық автобус аударылып қалды. Салонда 50 адам болған, олардың 30-дан астамы зардап шекті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    «ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» әуе кемесімен үш зардап шеккен адам Қарағанды қаласының медициналық мекемелеріне жеткізілді. Сондай-ақ ТЖМ күштерімен жедел жәрдем дәрігерлері мен Апаттар медицинасы орталығының мамандарының сүйемелдеуімен вахталық көлікпен 30 адам Ботақара кентінің ауруханасына жеткізілді. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр деңгейде», – деп мәлімдеді ҚР ТЖМ.

    Ведомство мәліметінше, жағдай ТЖМ бақылауында.

    Апаттық-құтқару жұмыстарына ТЖМ күштері мен құралдары, «Матақ» ТМСП, Апаттар медицинасы орталығы, «Қазавиақұтқару», жедел медициналық жәрдем бригадалары және полиция жұмылдырылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →