Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 15 қазан 2026 $ 448,9↓€ 503,3↑₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды • «Астана» Павлодарда «Ертісті» 1:0 есебімен жеңді • Семейлік жұбайлар сыртқы ұқсастығымен желі қолданушыларын таңқалдырды • «Таза Qazaqstan» эстафетасы: 474 шақырым жол жүріп, 40 тонна қоқыс жиналды • Ұлан ауданында екі бас ұсақ мал ұрлығы ашылды • Қазақстан металлургияны жаңғыртпаса, стратегиялық өндірістік қуаттан айырылуы мүмкін – сарапшы • «Қатты қуанып тұрмын»: Мөлдір Мұқан бір көліктің құнындай сыйлық алды •

    Атырауда шұңқыр көбейді: қала жолы көлікке қауіп төндіріп тұр

    Атырауда шұңқыр көбейді: қала жолы көлікке қауіп төндіріп тұр
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Әлеуметтік желіде тараған видеода асфальттың ойылып, көлік жүретін жердің шұңқырға айналғаны анық көрінеді. Жүргізушілердің айтуынша, мұндай жағдай Нұрсая, Микрорайон, Болашақ аудандарында жиі кездеседі. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Салдарынан көлік кептелісі көбейіп, қозғалыс баяулап жатыр. Ең қауіптісі — кез келген сәтте жол апаты болуы мүмкін. Тұрғындар бұл мәселе ұзақ уақыттан бері шешілмей келе жатқанын айтады. Кадр авторы қала әкімдігін жағдайды бақылауға алуға шақырған.

    “Мынау барып тұрған беспредел, қалада жүру мүмкін болмай барады”, – дейді ол.

    Желі қолданушылары да пікірде қала жолдарының жағдайын сынға алып жатыр.

    Қазірше әкімдік тарапынан ресми жауап берілген жоқ.

    Видео: nurlan_zhunasov

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →