Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Алла сабыр берсін»: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері Бозымбаев Ақтауға шұғыл ұшады: Бектенов Маңғыстаудағы әскери қызметшілер өлімін тергеуді тапсырды Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды «Алла сабыр берсін»: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері Бозымбаев Ақтауға шұғыл ұшады: Бектенов Маңғыстаудағы әскери қызметшілер өлімін тергеуді тапсырды Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды

    Майқұдықтағы масқара: балалар батпақ кешіп, қараңғыда жүр

    Майқұдықтағы масқара: балалар батпақ кешіп, қараңғыда жүр

    Қарағандының Майқұдық ауданындағы Петрозаводская көшесінде жағдай ушығып тұр. Тұрғындар жолдың батпаққа айналғанын айтып, дабыл қағуда. Әсіресе күн жылып, қар ерігенде көшемен жүру мүмкін болмай қалған.

    Балалар мектепке балшық кешіп барады, қарттарға қозғалу тіпті қиын.

    Айтуынша, былтыр құбыр ауыстырылғанымен, жол қайта қалпына келтірілмеген.

    Көрші көшелерде асфальт бар, ал бұл аумақ назардан тыс қалған. Тек жол емес, жарық мәселесі де шешілмей отыр. Кешке балалар қараңғыда үйге қайтады, көшеде қаңғыбас иттер көбейген.

    Тұрғындар әкімдіктен нақты жауап пен нақты әрекет күтеді. Қарапайым жол мен жарық мәселесі шешілмей тұрғанда, халықтың ашуы күшейіп келеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →