Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тоқаев жаңа қауіптерге жауап берді: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы өзгереді

    Президент Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында жаңа геосаяси жағдайға байланысты елдің ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жаңартты.

    Тоқаев жаңа қауіптерге жауап берді: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы өзгереді
    file_755.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Жиында 2021–2025 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалуы қорытындыланып, 2026–2030 жылдарға арналған жаңа бағдарламаның жобасы қаралды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысы экономикалық, экологиялық, су және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар еліміздің ақпараттық кеңістігін қорғауға және киберқауіпсіздікке ерекше назар аудару керегін атап өтті.

    Сондай-ақ жиында азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік саладағы тәуекелдерді азайту бойынша нақты міндеттер қойылды.

    Президент технология, білім және экономика салаларына жоғары білікті шетелдік мамандарды тартуға арналған арнайы бағдарламаны әзірлеуді жеделдетуді жүктеді.

    Жаңа Стратегия өзгермелі геосаяси ахуал жағдайында Қазақстанның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғаудың негізгі іргетасына айналуы тиіс.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →