Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 20 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды • «Өзінің бағы бар, соры бар»: Роза Әлқожа күтпеген жазба жариялады • Меккеде «әдепсіз әрекет жасааған» ерлі-зайыпты өлім жазасына кесілді • Ұпаймен өлшенген отбасы: жәрдемақыны «цифрлық карта» арқылы бөлу кімге әділ, кімге қауіпті? • Қостанайдың қақ ортасында ағаштар қурап жатыр: әкімдік неге үнсіз? • Ақтауда ойын алаңындағы сырғанақ баланың саусағын қиып кетті: тұрғындар әкімдікке шағымданды • Мексикада күн суытып, 10 адам көз жұмды •

    20 жыл ән арнадым: Меруерт Түсіпбаева ғашық болған ері жайлы жан сырын ақтарды

    20 жыл ән арнадым: Меруерт Түсіпбаева ғашық болған ері жайлы жан сырын ақтарды
    Фото: massagetТанымал әнші Меруерт Түсіпбаева Айгүл Асанбердіге берген сұхбатында жеке өміріне қатысты сыр бөлісті, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.
    Өнер иесі қазіргі уақытта жүрегіне жақын адамы бар екенін жасырмай айтып, бұл сезімнің жылдар бойы жалғасып келе жатқанын жеткізді. Оның сөзінше, ол адамға деген махаббаты талай әндерінің дүниеге келуіне себеп болған.

    «Күйеуіммен 24 жыл бұрын ажырастық. Бір ұлым бар. 20 жыл бойы бір адамға ғашықпын, жақсы көремін. Қарым-қатынасымыз өте жақсы әрі жақын. Бірақ біз бөлек тұрамыз. Менің мінезімнен, бәлкім, баршылығымнан да болар. Ол кісімен тек жақсы араласамыз. Баянсыз махаббат. Шын ғашықтар қосылмайды дейді. Бірақ ол кісі болмаса менің біраз лирикалық әндерім өмірге келмейтін еді. Әндерімнің барлығы дерлік махаббат туралы», – деді өнер иесі.

    Сонымен қатар, әнші қазіргі таңда қайта тұрмыс құруға аса қажеттілік сезінбейтінін де атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде өзін-өзі қамтамасыз ете алады әрі ақылдасатын, сыр бөлісетін адамы бар.

    Меруерт Түсіпбаева бұл сұхбатында махаббаттың әрдайым бірге болумен өлшенбейтінін, кей сезімдердің алыстан да сақталатынын аңғартты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →