Түркістанда 8 жасар бала төрт күннен бері іздестіріліп жатыр

Фото: видеодан скрин

Түркістан облысы Келес ауданында суға кеткен баланы іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Құтқарушылардың мәліметінше, ТЖМ құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдардың күштері Келес өзеніне батып кеткен 8 жасар баланы іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Анасының айтуынша, 23 наурыз күні сағат 17:00 шамасында бала ойын кезінде суға құлап, батып кеткен.

– 2018 жылы туған баланы іздеу-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ тұрғындар мен туыстары жұмылдырылды. Жалпы 120-дан астам адам, 15 техника, 2 жүзу құралы және 2 ұшқышсыз ұшу апараты тартылған, — деді облыстық ТЖД бастығының орынбасары, полковник Асқат Ержанов.

Қазіргі уақытта іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

– ТЖМ судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді, — деп нақтылады ведомство.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика