Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 25 тамыз 2026 $ 459,2 536,3 5,55
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    ЕҚЫҰ байқаушылары Қазақстандағы сайлау рәсімдерін оң бағалады Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты ЕҚЫҰ байқаушылары Қазақстандағы сайлау рәсімдерін оң бағалады Қазақстанда тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізілуі мүмкін 25 тамыздағы ауа райы болжамы: Қазақстанның 20 қаласында ШҚО-да аю 58 жастағы ер адамға шабуыл жасады 1 қыркүйектен бастап шетелде жүрген қазақстандықтарға паспорт рәсімдеу тәртібі өзгереді Тоқаев Путин, Жапаров, Әлиев, Мирзиёев және Рахмонға алғыс айтты

    2022 жылдан бері алматылық әлеуметтік кәсіпкерлерге 369 млн теңге көлемінде грант берілді

    2022 жылдан бері алматылық әлеуметтік кәсіпкерлерге 369 млн теңге көлемінде грант берілді

    Алматыда 155 кәсіпкер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдерінің ақпаратынша, 2022 жылдан бері алматылық әлеуметтік кәсіпкерлерге 369 млн теңге көлемінде грант берілді, деп хабарлайды QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Тізілім — әлеуметтік кәсіпорын мәртебесін ресми алған жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар туралы электрондық деректер базасы. Мұндай мәртебе қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешетін компанияларға беріледі. Атап айтқанда, олар халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жұмыс орындарын ашады, соларға арналған өнім шығарады немесе білім беру, мәдени және өзге де қоғамдық пайдалы қызметтер көрсетеді.

    Әлеуметтік кәсіпорын мәртебесі бизнеске мемлекеттік қолдау шараларын пайдалануға жол ашады. Олардың қатарында 5 млн теңгеге дейінгі гранттар, жеңілдетілген шартпен үй-жай беру, сондай-ақ, даму институттары арқылы жеңілдетілген несиелеу тетіктері бар.

    2022 жылдан бері басқармаға тізілімге енгізу бойынша 535 өтінім келіп түскен. Соның 155-і мақұлданған.

    Бүгінде әлеуметтік кәсіпорындар білім беру, денсаулық сақтау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, экология және басқа да салаларда жұмыс істеп келеді.

    Көрсетілген қолдау нәтижесінде 81 кәсіпкерге жалпы сомасы 369 млн теңге көлемінде грант берілді; 26 кәсіпкерге жеңілдетілген жалдау негізінде үй-жай ұсынылды (айына 1 шаршы метр үшін 0,1 АЕК); 2 кәсіпкер «Даму» қоры арқылы жеңілдетілген несие алды.

    Әлеуметтік кәсіпкерлік аясында 307 жаңа жұмыс орны құрылды. Ал 2025 жылы бұл сала бойынша қала бюджетіне 385 млн теңге көлемінде салық түсімі түсті.

    Фото: Алматы қаласының әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →