Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты • Хусанов Доннарумма мен Фоденді басып озды: «Манчестер Сити» жеңіске жеткен матчтағы бағалар • Сарри «Қайратпен» болатын күрделі матчқа дайындық туралы айтты • Қызылордада деменцияға шалдыққан 65 жастағы ер адам өлі табылды • Федерико Вальверде 92-ші минутта «Реалға» жеңіс әкелді • «Сабах» Покатиловты Чемпиондар лигасының матчына негізгі құрамға қосты • Таразда бокстан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр: финалға 19 спортшы шықты •

    Көкшетаудың көшелері шұрық-тесік: Көлік жүргізу қауіпті

    Көкшетаудың көшелері шұрық-тесік: Көлік жүргізу қауіпті
    Фото: Видеодан алынған кадр

    Көкшетау қаласында Қуанышев көшесінің жағдайы тұрғындардың ашуын туғызды. Жүргізушілердің айтуынша, бұл жолмен жүру күн сайын қауіпке айналып барады.  Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ташенов жағынан кірген көліктер шұңқырдан қашамын деп қарсы жолаққа шығуға мәжбүр. Ал кейбір жүргізушілер тіпті тротуармен айналып өтетінін айтады. Алтынсарин қиылысына жақындаған жерде асфальт түгел бұзылып, жол ойылып кеткен.

    Маршруттық автобустардың өзі шұңқырды айналып өту үшін қарсы бағытқа шығуға мәжбүр болып жатыр.
    Тұрғындар бұл жағдай бір күннің емес, жыл сайын қайталанатын мәселе екенін айтады. Олардың сөзінше, жолды толық жөндеу талап етілмейді, уақытша болса да қауіпсіз ету керек.

    Қазір бұл көше қаладағы ең проблемалы жолдардың біріне айналған.

    Видео: sinegor.kz

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →