77%-ға жоғары: Алматыда 380 мың шаршы метрден астам аумаққа гүл егіледі

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда гүлзарлар аумағы өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға артады. Eco Almaty қаланы гүлмен көгалдандыру және безендіру жұмыстарын бақылауды күшейтеді, деп жазады QazaqToday.info ақпараттық порталы.

2026 жылы «Eco Almaty» ЖШС қаланы гүл екпелерімен көгалдандыру және безендіру жұмыстарына бақылау жүргізеді.

Мекеменің мәліметінше, 387 мың шаршы метр аумақты гүлмен безендіру жоспарланып отыр. Оның ішінде: 107 мың шаршы метр жерге біржылдық гүлдер, 280 мың шаршы метр жерге көпжылдық гүлдер мен бұталар және 116 мың шаршы метр аумаққа раушан гүлдері егіледі.

2025 жылмен салыстырғанда гүлзарлар аумағы 77%-ға ұлғаяды.

Маусымға дайындық аясында Eco Almaty жылыжайда гүл өсіретін жергілікті кәсіпкерлермен тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Сарапшы-агрономдар Алматының континенттік климатына бейімделген гүл түрлерін таңдап отыр. Қаланы көгалдандыру барысында сальвия, тагетес, агератум және альтернантера сынды ыстыққа төзімді өсімдіктер қолданылады. Бұл гүлдер жергілікті ауа райына жақсы бейімделген әрі жазғы аптапқа төзімді.

Көктемгі маусымға дайындық қыс айларынан басталып, үздіксіз жалғасады. Дәстүр бойынша көгалдандыру маусымы ерте көктемгі гүл егуден басталады. Наурыз мейрамы қарсаңында қала примулалармен безендіріліп, мерекелік атмосфера қалыптасты.

Маусым бойы Алматының барлық ауданында кілем үлгісіндегі гүл композициялары, сондай-ақ саябақтар мен скверлердегі жаңартылған гүлзарлар қала келбетін көркейтіп, тұрғындар мен қонақтарға ерекше көңіл күй сыйлайды.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика