Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері Бозымбаев Ақтауға шұғыл ұшады: Бектенов Маңғыстаудағы әскери қызметшілер өлімін тергеуді тапсырды Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері Бозымбаев Ақтауға шұғыл ұшады: Бектенов Маңғыстаудағы әскери қызметшілер өлімін тергеуді тапсырды Каспий теңізіндегі әскерилердің қазасы: Бас прокуратура іс қозғап, тергеуді бастады Жүкті әйелін ұрып, шаңсорғыштың сымымен қылқындырған: СҚО-да ашулы еркек төрт жылға сотталды Павлодар облысында бопсалауға қатысы бар күдіктілер қамауға алынды Жіппен тоқылған тарих: Алматыда Батима Зәуірбекованың 80 жылдығына арналған көрме ашылды

    Көкшетауда тұрғындардың шыдамы таусылды: қоқыс алаңы қашан тазаланады?

    Көкшетауда тұрғындардың шыдамы таусылды: қоқыс алаңы қашан тазаланады?

    Көкшетау қаласында тұрғындар қоқыс мәселесіне байланысты дабыл қағып отыр. Қосшығұлов көшесіндегі жеке үйлердің маңында қоқыс контейнерлері уақытында тазаланбай, айналасы бейберекет үйіндіге айналған.

    Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қоқыс желмен жан-жаққа ұшып, аула маңы толықтай ластанып жатыр.

    Кейбірі қоқысты өз күшімізбен жинауға мәжбүрміз дейді, бірақ бұл мәселе тұрақты түрде қайталана береді.

    Тұрғындар қоқыс қаншалықты жиі шығарылатынын және неге контейнерлер үнемі толып тұратынын сұрап отыр.

    Сонымен қатар, адамдардың өздері де қоқысты жәшікке жеткізбей тастайтыны жағдайды ушықтырып отырғаны айтылады.

    Алайда негізгі жауапкершілік коммуналдық қызметтің жұмысына қатысты деген пікір көп. Қалада тазалыққа жауапты мекемелер бұл жағдайға түсініктеме бермеді.

    Тұрғындар мәселе шешілмесе, жағдай одан әрі қиындайды деп алаңдайды.

    Видео: sinegor.kz.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →