Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты Алматыда ғылымды дамытудың 2027–2029 жылдарға арналған басым бағыттары талқыланды Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін Президент әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты көңіл айтты Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты Алматыда ғылымды дамытудың 2027–2029 жылдарға арналған басым бағыттары талқыланды Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін Президент әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты көңіл айтты

    Әл-Фарабидегі сұмдық апат: Zeekr қарсы бетке шығып, 3 адам мерт болды

    Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes-пен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды.

    Әл-Фарабидегі сұмдық апат: Zeekr қарсы бетке шығып, 3 адам мерт болды
    file_695.jpg

    Алматыда қарсы жолаққа шығып кеткен көліктің кесірінен болған жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға 21 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында Әл-Фараби даңғылының Меңдіқұлов көшесімен қиылысында болған.

    Полицияның мәліметінше, Zeekr маркалы көлігінің жүргізушісі батыс бағытта келе жатып, кенеттен қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Сол сәтте ол қарама-қарсы бағытта келе жатқан Mercedes көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

    Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Zeekr көлігін тізгіндеген азамат түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

    Үш адамның өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →