Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі

    Елімізде жүк көліктерінің қозғалысына шектеулер енгізіледі

    Фото: Pixabay

    Қазақстанның бірқатар өңірлерінде 23 наурыз бен 1 мамыр аралығында ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеулер қойылады. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Бұл шаралар жыл сайын көктем мезгілінде, яғни қар еріп, су тасыған кезде жол негізінің босап, осал болуына байланысты қабылданады. Шектеулер жол жабындысының бұзылуын болдырмауға бағытталған.

    23 наурыздан бастап Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстарындағы автожолдарда қозғалыс шектеледі. Бұл ереже жалғыз оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне қатысты болып табылады және 1 мамырға дейін жалғасады.

    Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде осыған ұқсас көктемгі шектеулер қазірдің өзінде енгізіліп қойған. Олар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1 сәуірге дейін күшінде болады.

    Айта кетейік, бұл шектеулер халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлардың жүктеріне қолданылмайды. Жол төсемі ылғалданып, негізі жұмсаратын кезеңде жолдардың сапасын сақтау үшін мұндай шаралар жыл сайын жүзеге асырылып тұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →