Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ақтауда коммуналдық қызметкерлерді тасымалдау дауға айналды

    Ақтауда коммуналдық қызметкерлерді тасымалдау дауға айналды

    Фото: видеодан скрин

    Ақтауда коммуналдық қызметкерлерді жұмысқа тасымалдау тәсілі тұрғындардың наразылығын тудырды. Қала көшесінде түсірілген видеода адамдардың арнайы автобус емес, жүк тасымалдайтын көлікпен жеткізіліп жүргені көрінеді. Тұрғындардың айтуынша, «Таза Қазақстан» бағдарламасын іске асырып жүрген жұмысшылардың өзіне дұрыс жағдай жасалмаған. 

    Жергілікті халық бұл мәселені шешу қиын емес екенін, бірақ жауапты мекемелер тарапынан нақты әрекет жоқ екенін айтады. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін көлікпен тасымалдау – тек қызметкерлерге емес, жол қозғалысына да қауіп төндіруі мүмкін.

    Қала тұрғындары коммуналдық салада еңбек ететін адамдарға ең алдымен қалыпты еңбек жағдайы жасалуы тиіс екенін айтып отыр. Ал мұндай жағдайлар әкімдік тарапынан бақылау әлсіз екенін тағы бір рет көрсеткендей.

    Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыланып, тұрғындар биліктен түсініктеме талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →