Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 16 қазан 2026 $ 451,4↓€ 506,7↓₽ 5,40↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі • Астанада «Әділет» партиясының агроөнеркәсіп кеңесі алғашқы отырысын өткізді • Астанада телефонға алаңдап жаяу жүргіншіні қағып кеткен автобус жүргізушісі сотталды • Ресми: Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағына таласады • Тоқаев: киік саны 21 мыңнан 4,7 миллионға жетті, ілбіс популяциясы 190-ға жуықтады • Президент: «Таза Қазақстан» акциясы жалпыұлттық идеологияға айналып келеді • Тоқаев COP17 көшбасшылар саммитінде сөз сөйледі •

    Алматыда Шаңырақ күніне орай инклюзивті отбасылық эстафета өтті

    Алматыда Шаңырақ күніне орай инклюзивті отбасылық эстафета өтті

    17 наурыз Алматыдағы «Кемел» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде Шаңырақ күніне арналған «Әке, ана және мен – спортпен шұғылданатын отбасы» атты инклюзивті отбасылық эстафета өтті, QazaqToday.info ақпараттық порталы.

    Жарысқа инклюзивті санаттағы балалар мен олардың ата-аналарынан тұратын командалар қатысты. Қатысушылар «Баланс», «Допты бақылау», «Олимпиадалық шеңбер», «Пирамиданы жина» және «Балалар — өмірдің гүлі» сынды түрлі спорттық әрі ойын кезеңдерінде бақ сынады.

    Іс-шара жылы әрі достық рухта өтіп, отбасыларды біріктіріп, қатысушыларға жарқын эмоция мен ұмытылмас әсер сыйлады. Әсіресе, әрбір бала үшін жайлы әрі қолдаушы орта қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінді.

    Ата-аналардың айтуынша, бұл күн олар үшін нағыз мерекеге айналды. Балалардың қаншалықты белсенді әрі эмоциялық тұрғыда ашылғанына ерекше қуаныш білдірді.

    Мұндай іс-шараларды өткізу инклюзивті спортты дамытуға, отбасылық құндылықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

    Фото: Алматы әкімдігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →