Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлдана Мырзуан қазасы: сотта тұрғындар біраз былықтың барын айтты «Ауырма, братан»: Қайрат Нұртас сырқаттанып қалған Кенжебекпен әзілдесті Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады Ұлдана Мырзуан қазасы: сотта тұрғындар біраз былықтың барын айтты «Ауырма, братан»: Қайрат Нұртас сырқаттанып қалған Кенжебекпен әзілдесті Юлия Путинцева US Open-де сенсация жасағаны үшін бірден 190 мың доллар сыйақы алды «Таныспасаң, үстіңе су шашамын»: Алматыда ер адам әйелдің үстіне су төккен «Салығымыз қайда кетіп жатыр?»: Ұлытаудағы Жыланды жолы жүргізушілердің ашуын туғызды Қазақстанда 23 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады

    «Келесі алып қала Нью-Йорк»: Дариға Бадықова елге жақында оралмайтынын айтты

    «Келесі алып қала Нью-Йорк»: Дариға Бадықова елге жақында оралмайтынын айтты
    Фото: instagram.com/badykovadaryga

    Қазақстандық актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында шетелдегі сапары туралы әсерімен бөлісті. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Өнер иесі табиғаттың тыныштығы адам жанына ерекше жеңілдік сыйлайтынын айтып, ішкі күйзелістерден арылуға көмектескен сәттерін баяндады.

    «Тынық мұхитпен табиғатымыз ұқсайды. Жүрегім тынық болған күні, өмір де жеңіл көрінеді. Маған ішкі әдемілік маңызды. Оны Германияда жүргенде түсінгенмін», – деп жазды актриса.

    Сонымен қатар, ол АҚШ-тағы әсерлі күндерін еске алып, бұл сапардың өз өмірінде ерекше орын алғанын жеткізді.

    «Қош бол, әсем California. Бұл жер маған тек әдемі күндерді ғана емес, үлкен тәжірибе мен жаңа көзқарас сыйлады. Мұнда талай арман ойға келді, талай ойым өзгерді. Әрбір кешесі, әрбір таңы жүректе естелік болып қалады. Келесі алып қала, Нью-Йорк», – деп бөлісті Дариға Бадықова.

    Желі қолданушылары актрисаның жазбасына жылы пікір білдіріп, жаңа сапарларына сәттілік тілеп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →