Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 11 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Қостанай тұрғыны балалар алаңында жасөспірімді сабаған • Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды • Блогер Super.mamasita көмектеспек болған көпбалалы ананың өзін алдағанын айтты • Әкім ауысқанымен, қоқыс сол күйі: Степногорск тұрғындары тағы да әкімдікке наразы • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Қостанай тұрғыны балалар алаңында жасөспірімді сабаған • Әнел Ташбай жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды • Блогер Super.mamasita көмектеспек болған көпбалалы ананың өзін алдағанын айтты • Әкім ауысқанымен, қоқыс сол күйі: Степногорск тұрғындары тағы да әкімдікке наразы •

    19 жасында аяғынан айырылған спортшы Паралимпиадада жүлде алды

    Қазақстандық пара шаңғышы Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында қола медаль жеңіп алды. Ол 19 жасында оқ жарақатынан аяғынан айырылған.

    19 жасында аяғынан айырылған спортшы Паралимпиадада жүлде алды
    file_627.jpg

    Қазақстандық пара шаңғышы Ербол Хамитов 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы жүлдені салды. Ол ерлер арасындағы отырып жарысатын спринтте қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    28 жастағы спортшы осы ойындардың ашылу салтанатында Қазақстанның туын ұстап шыққан болатын. Бұл оның спорттық мансабындағы екінші Паралимпиадасы.

    Ербол Хамитовтың бұл жетістігі – үлкен ерліктің жемісі. Петропавл қаласының тумасы 2017 жылы, небәрі 19 жасында оқ жарақаты салдарынан сол аяғынан айырылған. Бұл оқиға оның спорттық мансабын тоқтатпай, керісінше, жаңа белеске жетеледі.

    Аяғынан айырылғанға дейін футбол, күрес және жекпе-жекпен айналысқан Ерболға оңалту кезінде ММА федерациясы үлкен қолдау көрсеткен. Ол тіпті UFC жұлдызы Шавкат Рахмоновпен бірге жаттығу жасап үлгерген.

    2018 жылдан бастап пара шаңғы спортына бет бұрған Хамитов аз уақыт ішінде әлемдік деңгейге көтерілді. Ол пара биатлон мен пара шаңғыдан әлем чемпионы атанып, Әлем кубогының иегері болды.

    Бұл жүлде – Қазақстанның Қысқы Паралимпиада ойындары тарихындағы төртінші медалі. Бұған дейін Александр Герлиц (2018, 2022) және Любовь Воробьева (1994) жүлдегер атанған еді.

    Паралимпиада-2026 ойындарында Қазақстан намысын Ербол Хамитовпен бірге тағы алты спортшы қорғап жатыр: олар – Александр Герлиц, Юрий Березин, Владислав Кобаль, Сергей Усольцев, Анна Грачева және Нұрлан Әлімов.

    Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →