Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды • Алматыда автобус күтіп отырған әйелдің үстіне аялдама әйнегі құлады • Хачанов Париж турнирінің 1/16 финалында жеңіліп, түсініктеме берді • Ақтөбеде қаза тапқан әйелдің екі баласы балалар үйіне орналастырылды • Жасанды интеллект «Аталанта» — «Қайрат» матчының нақты есебін болжады • «Аталанта» — «Кайрат»: Конференциялар лигасындағы матч тікелей эфирде • «Викинг» «Сабахты» 4:1 есебімен жеңді, Покатилов пенальти қайтарды •

    Иран Нахчыван әуежайын атқылады: Тоқаев шұғыл мәлімдеме жасады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның Нахчыван әуежайына жасаған дрон шабуылын қатаң айыптап, бауырлас Әзербайжанды қолдайтынын жеткізді.

    Иран Нахчыван әуежайын атқылады: Тоқаев шұғыл мәлімдеме жасады
    file_613.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның ұшқышсыз аппараттары Нахчыван қаласының әуежайына жасаған шабуылына қатысты ресми ұстанымын білдірді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлімдеді. Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Президенті бауырлас әрі одақтас Әзербайжанға қарсы жасалған бұл әрекетті қатаң түрде айыптайды.

    «Мемлекет басшысы бауырлас, одақтас Әзербайжан еліне қарсы жасалған әрекетті қатаң айыптайды», — делінген ресми хабарламада.

    Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев оқиғаның мән-жайы Иран тарапымен бірлесіп, мұқият тергелетініне сенім артатынын жеткізді. Президент екі ел арасындағы шиеленістің аймақтағы ахуалды ушықтырмай, дипломатиялық жолмен шешілетініне үміт білдірді.

    Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →