АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған бірлескен әуе соққысынан қаза тапқандар саны 200-ден асты, ал жараланғандар 700-ге жуықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамы таратқан ресми мәліметке сәйкес, шабуылдан кемінде 201 адам мерт болып, 747 тұрғын түрлі деңгейде дене жарақатын алған. Бұл Таяу Шығыстағы шиеленістің жаңа кезеңге өткенін көрсетеді.
Өз кезегінде Иранның Израильге жасаған жауапты шабуылынан да зардап шеккендер бар. CNN телеарнасы жергілікті жедел жәрдем қызметіне сілтеме жасап, 89 адамның жеңіл жарақат алғанын хабарлады. Алайда Израиль тарапында қаза тапқандар туралы ресми дерек жоқ.
Фото: Әлеуметтік желіден
