Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ирандағы ахуалдың ушығуына байланысты Қазақстанның барлық күштік құрылымын тәуліктік жұмыс кестесіне көшіруді тапсырды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке салалық министрліктердің басшыларымен бірлесіп, Таяу Шығыстағы жағдайдың елдегі тұрақтылыққа төндіруі мүмкін қатерлеріне қарсы шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді жүктеді.
Осыған орай, Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік ететін арнайы мониторинг тобы құрылды. Бұл топ аймақтағы жағдайды үздіксіз бақылап, қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, Тоқаев барлық өңір әкімдеріне Таяу Шығыстағы оқиғалардың дамуын мұқият қадағалап, соған сәйкес шешімдер қабылдауды тапсырды.
Фото: Әлеуметтік желіден
