Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды • Тоқаев Мәскеудегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты • Зейнеп Оразхан екі допинг бұзушылығы үшін үш жылға дисквалификацияланды • Қазақстандық паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды • Мбаппе Зиданның шешіміне наразы: Франция құрамасында шиеленіс • Қазақстанда электромобильдерге жасыл түсті мемлекеттік нөмір беріледі • Кремльде ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы басталды •

    БҚО-да сиырлар суға кетті

    БҚО-да сиырлар суға кетті

    Фото: видеодан скрин

    Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданына қарасты Жаңақала маңында өзен үстіндегі мұз ойылып, сиырлар суға түсіп кетті. Оқиға салдарынан 11 бас ірі қара мұз астына кеткен. Оның алтауы аман құтқарылса, бесеуі қаза тапқан. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Куәгерлердің айтуынша, күн райының құбылмалы болуына байланысты өзендегі мұз жұқарып, қауіпті жағдай қалыптасқан. Алайда соған қарамастан мал суатқа айдалған. Нәтижесінде қайғылы жағдай орын алды.

    Жергілікті тұрғындар фермерлерді сақ болуға шақырып отыр. Дегенмен, бұл жерде тек шаруалардың жауапкершілігі туралы айту жеткіліксіз. Көктемгі өткел кезеңінде су айдындарының қауіптілігі туралы ескерту, бақылау және алдын алу шаралары қай деңгейде болды? Әкімдік тарапынан нақты қандай жұмыс атқарылды? Әлде тағы да «ескертілді» деген құрғақ ақпаратпен шектеле ме?

    Видео: @kazakh_nws

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →