Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Албанияда өткен халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды. Ол үшінші орын үшін белдесуде қарсыласын небәрі 23 секундта ұтты, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Тирана қаласында өткен Мухамет Малоны еске алуға арналған турнирде Айтмұхан 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Қола медаль үшін өткен белдесуде ол Үндістан өкілі Джойнти Кумармен кездесіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Кездесу 23 секундқа ғана созылды. Қазақ балуаны 10:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңісті жұлып алды.
Ризабек Айтмұхан жартылай финалда ресейлік атақты балуан, екі дүркін Олимпиада және бес дүркін әлем чемпионы Абдулрашид Садулаевқа есе жіберген болатын. Бұл кездесу 14:3 есебімен ресейлік спортшының пайдасына шешілген еді.
https://www.instagram.com/reels/DVO1zm_jtLe/
Фото: Әлеуметтік желіден
