Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    «Мұнайдан түскен миллиардтар ғылымға берілуі керек»: Депутаттар ұсыныс айтты

    «Мұнайдан түскен миллиардтар ғылымға берілуі керек»: Депутаттар ұсыныс айтты

    Фото: Pixabay

    Мәжілісте ғылым саласына қатысты заң жобасы таныстырылды. Депутат Асхат Аймағамбетов мемлекеттік тапсырыс алатын жекеменшік ғылыми ұйымдардың ғалымдарына да 56 күндік ақылы еңбек демалысын беру ұсынылып отырғанын айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Оның сөзінше, ғылым ортақ болса, талап пен құқық та ортақ болуы тиіс. Сондай-ақ құжатта ғалымдардың қызметін дербес жоспарлауына, зерттеу нәтижелерін еркін жариялауына және академиялық еркіндігіне қатысты нақты нормалар енгізілмек.

    Ал депутат Бақытжан Базарбек ғылымды қаржыландыруда ірі мұнай компаниялары да жауапкершілік алуы тиіс екенін мәлімдеді. Оның пікірінше, табиғи ресурстан түсетін миллиардтар тек шикізат айналымында қалмай, ғылыми зерттеулерге бағытталуы қажет.

    «Ғалымдар күнделікті қағазбастылықпен емес, нақты зерттеумен айналысуы керек», – деді ол.

    Базарбек ғылымды дамытуға бизнестің нақты үлесін арттыру мәселесі заң аясында қарастырылуы тиіс екенін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →