Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 25 қараша 2026 $ 456,7↑€ 498,5↓₽ 5,58↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Мейірхан Тоқаевтан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады • Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • 17 жастағы қарағандылық IQ деңгейі бойынша Билл Гейтстен асып, Цукербергпен теңесті • «Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды • Мейірхан Тоқаевтан Аленовті қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрады • Мадиев: AlemLLM — ашық деректерге негізделген ұлттық модель • Бектенов: Мемлекет игілігі үшін еңбек етуге дайын емес адамдар жұмыстан кетуі керек • 17 жастағы қарағандылық IQ деңгейі бойынша Билл Гейтстен асып, Цукербергпен теңесті • «Қазақстан футбол федерациясының атынан ұрамын»: Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг өткізді • Ерсайын Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды •

    Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойы бас бостандығынан айырылды

    Оңтүстік Кореяның экс-президенті өмір бойы бас бостандығынан айырылды

    Фото: Yonhap

    Оңтүстік Кореяның экс-президенті түрменің түбінде шіритін болды. Мұндай жазаны Сеулдің орталық аудандық соты шығарған.Сот отырысы елдің ұлттық телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Осылайша, Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ель өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оған 2024 жылғы желтоқсанда қысқа мерзімге әскери жағдай енгізу арқылы бүлік ұйымдастырды және билігін асыра пайдаланды деген айып тағылған.

    Айыптау актісіне сай, Юн Сок Ель бұрынғы қорғаныс министрімен және басқа тұлғалармен бірге Конституцияға нұқсан келтіруге бағытталған тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және соғыс немесе осыған ұқсас ұлттық төтенше жағдай болмаған кезде әскери жағдайды заңсыз жариялау үшін сөз байласқан.

    – Қылмыстың сипаты ауыр, себебі ол ұлттық ұжымның мүддесі үшін ғана пайдаланылуы тиіс материалдық ресурстарды жұмылдырды, – деді арнайы прокурорлар тобы.

    Қорытынды сөзінде Юн Сок Ель президенттің төтенше жағдай жариялау конституциялық құқығын жүзеге асыруды көтеріліс деп санауға болмайтынын алға тартқан.

    – Бұл азаматтарды басып-жаншып отырған әскери диктатура емес, бостандық пен егемендікті қорғау және конституциялық тәртіпті қалпына келтіру әрекеті болды, – деді ол.
    Айта кетейік, Юн Сок Ёль 2025 жылдың шілде айынан бері қамауда отыр.
    Бұған дейін Оңтүстік Кореяның экс-президенті өлім жазасына кесілуі мүмкін екенін жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →