Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Қансонар – 2026: Зеренді де құсбегілік өнерді насихаттау бойынша өткен халықаралық жарыстың жеңімпаздары анықталды • Ақтөбе облысындағы шахтада тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты • Жымқырылған миллиардтар мен көрінбейтін триллиондар: міндетті медициналық сақтандырудағы басты шығын қайда? •

    Ықылас музейінде Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды

    Ықылас музейінде Димаш Құдайбергеннің 70 музыкалық аспабы көпшілікке ұсынылды

    2026 жылы 18 ақпанда Алматы қаласы музейлер бірлестігінің ұйымдастыруымен Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде Қазақстан Республикасының Халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің жеке коллекциясынан құралған «Димаш: бір дауыс – мың ел» атты көрменің ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсіміне өнер иесі арнайы қатысып, көрменің тұсауын өзі кесті.

    Экспозицияға Димаштың жеке қорынан 70 музыкалық аспап қойылған. Олардың қатарында әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлері тарту еткен аспаптар бар. Сонымен қатар көрмеде сахналық костюмдері де ұсынылды. Әсіресе, әлемдік поп-мәдениет жұлдызы Майкл Джексоннің жеке стилисті Гоко Залди Димашқа арнайы әзірлеген сахналық киімі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды.

    Көрменің ең әсерлі сәттерінің бірі – Димаш Құдайбергеннің музей қорына өзінің жеке екі бірдей домбырасын табыстауы болды. Оның бірі – Димаш Құдайбергенге атасы сыйға тартқан бала кезінен серік еткен домбырасы болса, екіншісі әншінің қолтаңбасы бар аспабы музей қорына сыйға тартылды. Өз кезегінде Алматы қаласы музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Құдайбергенқызы музей ұжымының атынан өнер иесіне қазақтың ұлы ойшылы әрі композиторы Абай Құнанбайұлының домбырасының дәл көшірмесін сыйға тартты. Бұл қадам – ұлттық құндылықтарға деген өзара құрметтің және рухани байланыстың көрінісі болды.

    Димаш Құдайбергеннің әкесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, әнші, сазгер, Қанат Айтбаев көрменің мазмұндық ерекшелігі мен оның рухани-мәдени маңызына кеңінен тоқталды. Ол аталған көрменің тек жеке коллекцияны көпшілікке таныстыру ғана емес, сонымен қатар ұлттық өнерді ұлықтап, әлем халықтарының музыкалық мұрасын бір кеңістікте тоғыстырған тағылымды бастама екенін атап өтті.

    «Бұл аспаптар біз үшін өте ыстық. Себебі бұл – әлемнің әр түкпірінен жиналған, түрлі халықтың ұлттық мұрасын танытатын құнды дүниелер. Әрқайсысының өзіндік тарихы бар. Осы аспаптарды тарту еткен барша азаматқа алғысымыз шексіз», – деді Димаш Құдайбергеннің анасы, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Светлана Айтбаева.

    Іс-шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев, ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымындағы Қазақстанның ресми өкілі Нышанкүл Қаратаева, мәдениет және өнер қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өнер иесінің жанкүйерлері қатысты.

    «Димаш: бір дауыс – мың ел» көрмесі – өнердің ұлт пен шекара талғамайтынын айқындайтын, мәдениеттерді тоғыстырған ауқымды көрме. Көрме келушілерге әншінің шығармашылық әлемін тереңірек танып, ұлттық музыкалық аспаптардың бай мұрасын сезінуге мүмкіндік береді.

    Көрме 1 ай көлемінде Алматы қаласы, Зенков көшесі, 24а мекенжайында орналасқан Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде жалғасады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →