Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) • Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Қызмет көрсете алмайды»: Гүлзира Айдарбекова өзін сынаған танымал кәсіпкерге ашуланды (ВИДЕО) •

    Ләйлә Сұлтанқызы жаңа әдіспен арықтады: желідегілер «ғашық болған» дейді

    Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «аскеза» ұстау арқылы қалай арықтап, ажарланғанын айтты. Желідегілер оны ғашық болып қалған деп топшылады.

    Ләйлә Сұлтанқызы жаңа әдіспен арықтады: желідегілер «ғашық болған» дейді
    file_490.jpg

    Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өміріне «аскеза» енгізу арқылы айтарлықтай өзгергенін айтып, көпшіліктің талқысына түсті. Ол бұл тәсілдің арқасында тек салмақ тастап қана қоймай, өзіне деген сенімділігі артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Сұлтанқызының айтуынша, бұл әдіс ерік-жігері әлсіз адамдар үшін өзін-өзі тәрбиелеудің тиімді жолы. Ол белгілі бір уақыт аралығында өзіне шектеулер қойып, оны орындауды мақсат еткен.

    «Мен біраз уақыттан бері тәтті жемеймін, кола ішпеймін, көп жүрем, жаман ойды жақсыға айналдырамын, бір уақытта ұйықтаймын. Мұның бәрін жай ғана салауатты өмір салты үшін емес, арманға негіздеп қойдым. Өзіммен келісімшартқа отырғандай болдым. Миға бір ой жібердім: бұзсам, ниетім орындалмайды деген. Сол тоқтау белгісі сияқты жұмыс істейді», — деп жазды тележүргізуші.

    Ол мұндай тәртіптің нәтижесі көп күттірмегенін атап өтті. Тележүргізушінің сырт келбеті мен ішкі жағдайында оң өзгерістер болған.

    «Салмақ кетті, бет тазарды, ұйқым дұрысталды. Ең бастысы, өзіме сенім пайда болды. Байқап көріңіздер. Айтпақшы, темекі тартатын бір таныс жігіт те осылайша жаман әдетінен арылды», — деді Сұлтанқызы.

    Тележүргізушінің бұл жазбасынан кейін оқырмандары оның айтарлықтай ажарланып кеткенін жазып, кейбірі «ғашық болып қалған ба?» деген болжамдарын да айтып жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →