Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 22 қазан 2026 $ 450,3↑€ 505,6↓₽ 5,46↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Біреуге күлкілі болар»: Итінен айырылған Ердос Қанаев жылап қалды • Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды • «Біреуге күлкілі болар»: Итінен айырылған Ердос Қанаев жылап қалды • Алматыда жарылыс болып, екі бала зардап шекті • «Қазақмыс» Ұлытауда спорт, білім және қоғамдық кеңістіктерді жаңғыртуда • Көліктің сау-тамағын қалдырмайтын жол: Қарағандыда шұңқырдан көз ашпаған жүргізушілер әкімдіктен нақты әрекет талап етуде  • Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 102 жыл толды • Тәуекелді анықтаудан нақты шешімге дейін: Қазақмыста қауіпсіздік форумы аяқталды •

    “Өлеңде тағдырын айтып кеткен”: Серікзат Дүйсенғазы 16 жасында өмірден озған ұлы туралы

    “Өлеңде тағдырын айтып кеткен”: Серікзат Дүйсенғазы 16 жасында өмірден озған ұлы туралы

    Фото: Видеодан алынған кадр 

    Ақын Серікзат Дүйсенғазы 16 жасында дүниеден озған ұлы туралы тың дерекпен бөлісті. Ол ”Adyrna” порталына берген сұхбатында ауыр қайғаны қалай еңсергенін айтты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    ”Қайғы деген нәрсе сынақ. Сынақтың біз білмейтін тылсым философиясы, астары бар шығар деп ойлаймын. Неге олай ойладым? Себебі, кейін баламның өлеңдерін тауып алдым. Сол өлең ішінде балам өзінің тағдырын айтып тұр. 15-ақ жасында терең философиялық өлең де жазған. Мынау жай нәрсе емес қой деп ойладым. Басыма қайғы түскен кезде бейіттің басында тұрғанымда қасыма осындай қасіретті басынан өткізген ағаларым келді. Ақыл-кеңестерін айтты. Көп ақыл айтқан — Бауыржан Омар. Ол кісі де ертерек те қызын жоғалтқан. Есім кіресілі-шығасылы. Бірақ тыңдап тұрдым. Кейін сол айтқан ақылдарын жадымнан шығарған жоқпын. Ол кісілер “осыны көтере алмай өзін жоғалтқан адамдар көп болды” деді. Мені сергіткен екінші нәрсе — анамның өмірден өтіп кеткені. Анам біздің әулетіміздің қайғысын арқалап кетті. Адам түсінбес кезең болды. Мен әкесімін ғой, бірақ ең ауыр болғаны анасына болды. Анаға өте қиын екен. Әлі күнге дейін сол қайғыдан шыға алмайды. Кейін анасының да ерлігі болды. Өздеріңіз білесіздер, Әлихан өмірден өткеннен кейін 9 ай өткенде бізге Әлімхан батырды сыйлады. Бүкіл ел қуанды. Алла мені қайғыртып, бір қуантып сыйлады. Бір қайғы болса, артынан он жақсылық болады деген рас екен”, — дейді ол.

    Еске сала кетейік, 2023 жылдың 2 қаңтарында Көкшетау маңындағы тау-шаңғы базасының бірінде ақын Серікзат Дүйсенғазының 16 жастағы ұлы Әлихан ағашқа соғылып, көз жұмған еді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →