Қазақстанда үй сатылымы бір айда 50%-ға жуық құлдырады: Нарық тоқырады ма?

2026 жылдың қаңтарында Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығында сатылым күрт төмендеді. Бір ай ішінде елімізде 27 745 тұрғын үй келісімшарты жасалды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл көрсеткіш 2025 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 47,8%-ға аз. Яғни, бір ай бұрын 53 128 үй сатылған болса, қаңтарда бұл сан екі есеге жуық құлдыраған. Сатылған нысандардың негізгі бөлігі пәтерлерге тиесілі – 21 725, ал жер үйлер саны – 6 020.

Мәмілелер саны бойынша Астана (5 375) мен Алматы (5 191) қалалары көш бастап тұр. Үшінші орында – Қарағанды облысы (2 241). Ал ең төмен көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелді, онда небәрі 283 үй сатылған.

Сарапшылардың айтуынша, айлық төмендеу еліміздің барлық өңірінде байқалған. Әсіресе Павлодар (-68,1%), Абай (-64,0%) және Солтүстік Қазақстан (-57,3%) облыстарында құлдырау қарқыны өте жоғары болды.

Сонымен қатар, былтырғы жылдың қаңтарымен салыстырғанда да сатылым 10,3%-ға азайғаны байқалады. Бұл нарықтағы белсенділіктің жалпы төмендегенін көрсетеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика