Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 455,3↓€ 507,3↓₽ 5,66↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Блогерлер Карина Оксукпаева мен Арман Юсупов Алматыдағы таунхаусын 224 миллион теңгеге сатпақ • Қарағанды академиясының курсанты кәсіпқой бокс рейтингінде үздік ондыққа енді • Талғат Орынбасар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатының финалына шыға алмады • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды •

    Президент Үкіметке тапсырма берді: «Азаматтардың нақты табысы көбеюі керек»

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаһандық сын-қатерлерді атап, басты міндетті жариялады.

    Президент Үкіметке тапсырма берді: «Азаматтардың нақты табысы көбеюі керек»
    file_430.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында әлемдік экономикадағы күрделі ахуалға тоқталып, елдің дамуына қатысты негізгі міндеттерді атады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президенттің айтуынша, сарапшылар әлем экономикасының өсімі баяулап, халықаралық сауда қарқыны әлсірейді деп болжап отыр. Көптеген ел өз нарығын қорғау шараларын күшейтіп, мемлекеттер арасында тарифтік шектеулер қою үрдісі белең алған.

    «Жаһандану үдерісі кері сипат ала бастады. Мұның бәрі әлемдегі геосаяси ахуалды өзгертіп жатыр. Бірақ негізгі әрі шешуші оқиғалар әлі алда. Дүние жүзінде мүлде жаңа үдерістер пайда болуда. Біз осы өзгерістерге экономикалық және саяси тұрғыдан бейімделуіміз қажет», — деді Тоқаев.

    Мемлекет басшысы бұрынғы тәсілдердің қазір тиімсіз екенін, сондықтан Қазақстанның жаңа экономикалық үлгіні әзірлеуден шет қалмауы керектігін ескертті. Ол елдің басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттыру екенін қадап айтты.

    «Біздің миссиямыз – айқын: экономикалық өсім жоғары сапаға ие болуы керек, яғни, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын жақсартуға тиіс. Басқаша айтсақ, ішкі жалпы өнім артқан сайын азаматтардың нақты табысы да көбеюі керек. Бұл – Үкіметтің алдында тұрған негізгі міндет», — деп түйіндеді Президент.

    Фото: Ақорда

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →