Zeekr мен Nio 285 мың көлігін қайтарып жатыр: Бірі өртеніп кетуі мүмкін

Қытайдың Nio және Zeekr секілді ірі электромобиль өндірушілері бағдарламалық жасақтама мен батареядағы ақауларға байланысты 285 мыңға жуық көлігін шұғыл кері қайтарып жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Қытайдың нарықты реттеуші органының мәліметінше, Nio компаниясы 2018-2023 жылдары шығарылған ES8, ES6 және EC6 үлгісіндегі 246 229 көлігін қайтарып алады. Бұған бағдарламалық жасақтамадағы қателік себеп болған. Ақау салдарынан көліктің дисплейлері кенеттен сөніп, жүргізуші жылдамдық пен басқа да маңызды ақпаратты көре алмай қалуы мүмкін.

Компания бұл ақауды бағдарламалық жасақтаманы тегін жаңарту арқылы жоятынын хабарлады. Бұл жаңартуды қашықтан да орнатуға болады.

Ал Zeekr бренді 2021-2024 жылдары шығарылған 001 WE моделінің 38 277 данасын кері қайтарады. Мұндағы мәселе әлдеқайда күрделі: батарея бөлшектеріндегі ақау оның қызып, өртенуіне әкелуі ықтимал. Zeekr көліктерін қайтару науқаны ағымдағы жылдың 6 наурызында басталады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика