Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 12 қараша 2026 $ 446,3↓€ 498,2↓₽ 5,36↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында көрінді • «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды • «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған: өзбекстандық әйел Қазақстанға экстрадицияланды • Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне арналған мемлекеттік наградалар жүйесін кеңейтті • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • «Сәтсіз шыққан»: Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаеваның әні сынға ұшырады (ВИДЕО) • Лұқпан Жолдасов Мейрамбек Бесбаевтың тойында көрінді • «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшылары ұсталды • «Kyzdar.net» арқылы жезөкшелерді жарнамалаған: өзбекстандық әйел Қазақстанға экстрадицияланды • Тоқаев мәдениет қайраткерлеріне арналған мемлекеттік наградалар жүйесін кеңейтті • Екібастұзда теміржол стансасында жұмысшы қайтыс болды • «Сәтсіз шыққан»: Ғазизхан Шекербеков пен Кәмшат Жолдыбаеваның әні сынға ұшырады (ВИДЕО) •

    Ақтау кафесінде үш жігіт бір қызға жабылған

    Ақтау кафесінде үш жігіт бір қызға жабылған
    Фото: видеодан скриншот

    Оқиға 31 желтоқсан күні шамамен сағат 22:52-де Ақтаудағы Lemonade кафесінде болған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Жазбаны жариялаған қыздың айтуынша, жанжал қызметкерлердің диванды былғағаны үшін 14 мың теңге төлеуді талап етуінен басталған. Алайда ол бұл соманы төлеуден бас тартқан.

    Оқиға барысында ең белсенді әрекет еткен адамның бірі өзін мекеменің иесі деп санайтын ер адам болғанын айтады.

    «Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, қылмыстық істер сотқа жолданды.Т ергеу барысында 2025 жылғы 31 желтоқсанда кафелердің бірінде мекеме басқарушысы мен келуші әйел арасында сөз жүзіндегі жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқаны анықталды. Оқиға салдарынан жанжалға қатысқан екі тарап та жараланған. Тексеру нәтижесінде қатысушылардың екеуінде де соққы белгілері бар екені анықталды.  2026 жылғы 31 қаңтарда қылмыстық істер процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа жолданды», — облыстық полиция департаменті.

    Полиция қоғамдық орындарда зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол берілмейтінін және мұндай әрекеттерге қатаң құқықтық баға берілетінін атап өтті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →