Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 19 қазан 2026 $ 452,9↑€ 509,0↑₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады • Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырап, екі офицер қаза тапты • Құрметтеуіміз қажет: Алматы әкімі «Алматы Тазалық» кәсіпорнының жаңартылған базасын аралады • Алматыда «Almaty Puppet Festival – 2026» IV халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтеді • Шакираның Бішкектегі концерті қалай өтті? • Путин Трамп пен Си Цзиньпинге Украинадағы соғысты талқылауды ұсынды • «Қыздар жабысып, өздері жүгірді»: Мейрамбек Беспаевтың әйелі күйеуіне қатысты мәлімдеме жасады •

    Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жегінен бас тартты

    Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жегінен бас тартты

    Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаев (23-3) мексикалық Брэндон Мореномен (23-9-2) болатын жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Ол Мехикода жоспарланған UFC кешіне жарақатына байланысты қатыспайды.

    “Жағдай осылай, қолдан жарақат алып қалдық, ұшуымызға 2 күн қалғанда, жарақат айығып келмейді. Жекпе-жектен ешқашан бас тартып көрмедім. Кіммен шықсам да қандай жағдай болмасын, дайындық жақсы деңгейде болып жатқан. Болар іс болды, қанша жер тепкілесең де, жәйтті өзгерте алмаймын.

    Бұл тұжырымда әлі 5 жекпе-жегім бар, жаңа келісімге (контракт) ұзартылған, әлі талай қызықты майдан күтіп тұр”, — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

    Сондай-ақ, спортшы Instagram stories-те өзіне тілеулес болып жатқан жандарға алғыс айтты.

    ”Естігендеріңіздей, көргендеріңіздей осындай жағдай болып қалды. Қандай жағдай болмасын Аллаға шүкір, ер азаматпыз. Маңызды жек-жектердің бірі болған. Басты жекпе-жек, Мехикода өтеді. Өте қатты шыққым келген. Топ 5-ке кіріп кетуге мықты мүмкіндік болды. Бірақ, оның бәрін айта бергеннен уақыт артқа қайтып келмейді. 2025-тің қаңтарынан 2026-ның қаңтарына дейін 1 жыл тоқтамай оқу-жаттығу жиынында болдым. 12 айда төртінші жекпе-жегім болу керек болған. Әлі UFC-де бес жекпе-жегім бар. Сондықтан мықты кездесулер күтіп тұр деген ойдамын. Барша қайырын, дұға тілеп жатқан бауырларға көп рақмет, Алла разы болсын. Қазақ елі, алға!”, — деді ол.

    Еске сала кетейік, Асу Алмабаев пен Брэндон Морено UFC 268 турнирінде 28 ақпанда жекпе-жекке шығуы керек болған. Әзірге отандасымыздың орнын кім басатыны белгісіз.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →