Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Ақмола облысында қаңғыбас иттерден қауіп күшейді (ВИДЕО)

    Ақмола облысында қаңғыбас иттерден қауіп күшейді (ВИДЕО)
    Фото: pixabay

    Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қараөткел ауылында қаңғыбас иттер мәселесі шешілмей отыр. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода ауыл ішінде иттердің топтасып жүргені, тұрғындардың, әсіресе балалардың қауіпсіздігіне қатер төнгені айтылған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Видео авторының мәліметінше, жергілікті билік ауылда төрт қаңғыбас ит ауланғанын ресми хабарлаған. Алайда тұрғындардың айтуынша, ауылдағы ит саны бұдан әлдеқайда көп және олар көшеде еркін жүр.

    Сонымен қатар, иттерді аулау бойынша шығу актісі, аулау актісі және жануарлардың қайда жеткізілгені туралы ресми ақпарат ұсынылмаған. Тұрғындар бұл деректердің ашық жарияланбағанына наразы.

    Ауылда көктайғақтың болуы және кей көшелерде жарықтың қарызға байланысты сөндірілгені жағдайды одан әрі ушықтырып отыр. Мұндай жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп бар.

    Аудан әкімдігі мәселені қағаз жүзіндегі есеппен шектеп, нақты қауіпке жүйелі жауап бермей отыр.

    Тұрғындар қаңғыбас иттерді нақты түрде аулауды, жүргізілген жұмыстардың құжаттарын жариялауды және қабылданатын шаралар мен мерзімдерді ашық хабарлауды талап етуде.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →