Жамбылда анасы соққыға жыққаннан кейін қылмыстық іс қозғалып, өспірім балалар үйіне жіберілді

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған балаларын соққыға жыққан ананың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, бұл сұмдық оқиға туралы ақпарат қаңтар айының соңында белгілі болған. Уәкіл бұл жайлы өзінің Instagram парақшасында жазды.

«Өткен аптада бізге Жамбыл облысында анасының баласын ұрып-соққаны туралы хабарлама түсті. Қазір қылмыстық іс қозғалды. Балалар арнайы мекемеге орналастырылды», — деп жазды Динара Зәкиева.

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті сот-медициналық сараптама тағайындалғанын хабарлады. Бүлдіршіндер қазір Балалар үйінде, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

«Балаға қатыгездік танытуға мүлдем жол берілмейді және бұл әрекетке тиісті құқықтық баға беріледі. Барлық кінәлі адам заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», — делінген комитет хабарламасында.

Жақын арада кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссия әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарайтын болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика