Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Тоқаев Рыбакинаның жеңісіне үн қатты: «Бүкіл әлем сүйсіне қарады»

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open турниріндегі жеңісімен құттықтап, жеделхат жолдады.

    Тоқаев Рыбакинаның жеңісіне үн қатты: «Бүкіл әлем сүйсіне қарады»
    file_343.jpg

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Australian Open теннис турнирінің финалында жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Президенттің құттықтау жеделхаты Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

    – Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін! – делінген құттықтауда.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →