Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    Қарсылық көрсеткен: Шымкентте әйелді өлтірген күдіктіге полиция оқ атты

    Шымкентте әйел адамды пышақтап өлтірген күдікті ұстау кезінде қарсылық көрсеткен. Полиция қызметкерлері табельдік қару қолданып, оны жаралады.

    Қарсылық көрсеткен: Шымкентте әйелді өлтірген күдіктіге полиция оқ атты
    file_291.jpg

    Шымкентте әйел адам пышақ жарақатынан көз жұмды, ал оны өлтірді деген күдіктіні ұстау кезінде полиция қызметкерлері қару қолдануға мәжбүр болды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға туралы полицияға куәгерлер хабарлаған. Белгілі болғандай, қылмыскер мен жәбірленуші бұрыннан таныс болған. Олардың арасындағы жеке бас араздығы осындай жантүршігерлік жағдайға ұласқан. Әйел оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

    Шымкент қаласының Полиция департаменті күдіктінің ізін суытпай ұсталғанын мәлімдеді.

    «Ұстау кезінде қарулы күдікті қарсылық көрсетті. Сол себепті полиция қызметкерлері табельдік қару қолданды», — деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

    Оқ тиіп жараланған ер адам медицина мекемесіне жеткізіліп, қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →