Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Ақордада маңызды ауыс-түйіс: Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен кетті

    Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Желдібай Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы қызметінен босатылды. Ол бұл лауазымға 2022 жылы келген.

    Ақордада маңызды ауыс-түйіс: Президенттің баспасөз хатшысы қызметінен кетті
    file_287.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Бұл туралы Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды. Руслан Желдібай бұл қызметке 2022 жылдың қыркүйегінде тағайындалған болатын. Ол Президенттің баспасөз қызметіне жетекшілік етіп, мемлекеттік органдармен және БАҚ-пен байланысқа жауапты болды.

    Оның қызметтен кету себебі әзірге айтылған жоқ. Сондай-ақ оның орнына кім тағайындалатыны да белгісіз.

    Фото: Ақорда

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →