Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    Көші-қон қызметкері қатысқан: Астанада түріктерге жалған виза сатқан топ сотталды

    Астанада Түркия азаматтарына жалған еңбек визасын берген қылмыстық топ сотталды. Олардың арасында көші-қон қызметкері де болған.

    Көші-қон қызметкері қатысқан: Астанада түріктерге жалған виза сатқан топ сотталды
    file_282.jpg

    Астанада Түркия азаматтарына заңсыз еңбек визасын рәсімдеген қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Бұл алаяқтық схемаға Алматы қаласы көші-қон қызметінің сол кездегі қызметкері де қатысқан, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Сот материалдарына сәйкес, алаяқтар 2020-2023 жылдар аралығында жалған құжаттар мен электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдаланып, шетелдіктерге С-3 санатындағы еңбек визаларын рәсімдеп отырған. Олар осы мақсатта ондаған жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) тіркеп, заңсыз қызметтері үшін ақы алып келген.

    Сот шешімімен қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Көші-қон қызметінің бұрынғы қызметкері 9 жылға сотталса, топтың тағы бес мүшесі 7 жылдан арқалады. Іс бойынша айыпталған тағы бір адам рақымшылыққа ілініп, жазадан босатылды.

    Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →