Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 453,1↑€ 508,8↓₽ 5,38↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды • Алматы – Павлодар рейсі мұздануға қарсы өңдеу жоқтықтан кері қайтарылды • Футзалдан Қазақстан құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Беларусьті 5:4 есебімен жеңді • Құрылтайда ЕҚЫҰ ПА климаттық және демографиялық қауіпсіздікті талқылады • Тоқаев 28 қазанда халыққа жолдау жасайды • Тоқаев Бас прокурорды қабылдап, құқықтық тәртіпті нығайтуды тапсырды • Үштөбеде «Таза Қазақстан» аясында жаңартылған саябақ ашылды •

    Елена Рыбакина Ига Швентекті жеңіп, жартылай финалға шықты

    Елена Рыбакина Ига Швентекті жеңіп, жартылай финалға шықты

    Ширек финалда қазақстандық теннисші Польшаның өкілі, әлемнің 2-ракеткасы Ига Швентекпен кездесті. Бұған дейін өзара 11 матчтың алтауында Швентек жеңіске жеткен еді. Алайда бұл жолы Рыбакина айқын басымдық танытты.

    Матч 1 сағат 35 минутқа созылып, 7:5, 6:1 есебімен аяқталды. Бірінші сетте есеп 6:5 болған сәтте Елена шешуші брейк жасап, партияны өз пайдасына жапты. Екінші сетте бірден 2:0 алға шығып, ойынды эйспен түйіндеді.

    Кездесу барысында Рыбакина 11 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың төртеуін сәтті пайдаланды. Швентек 3 эйспен және бір ғана брейкпен шектелді.

    Осылайша, Елена Рыбакина спорттық жолында екінші рет Australian Open турнирінің жартылай финалына шықты және бұл турнирде бірде-бір сет ұттырған жоқ. Сонымен қатар, бұл жеңіс оның әлемнің топ-10 теннисшілеріне қарсы қатарынан сегізінші табысы болды.

    Финалға шығу жолында қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуламен кездеседі. Пегула өз кезегінде тағы бір АҚШ өкілі Аманда Анисимованы 6:2, 7:6 (7:1) есебімен жеңді. Жартылай финалдық матч 29 қаңтарға жоспарланған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →