Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады

    “АҚШ пен Түркия Иранды оқшаулайды, бұл ойында Қазақстан басты рөлде“: Саясаттанушы тосын пікір айтты

    Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан мен Әзербайжан арқылы өтетін Каспий дәлізі АҚШ-қа Иранды айналып өтуге мүмкіндік береді.

    “АҚШ пен Түркия Иранды оқшаулайды, бұл ойында Қазақстан басты рөлде“: Саясаттанушы тосын пікір айтты
    Screenshot

    Қазақстан бір мезгілде Түркиямен де, Израильмен де қарым-қатынасты жақындатып, жаңа геосаяси ойынның маңызды қатысушысына айналып отыр. Бұл туралы саяасаттанушы Жанат Момынқұлов жазды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Саясаткердің айтуынша:

    “Америкалық капитал әдетте қауіпсіздігі кепілдендірілген және басқаруға оңай аймақтарға ғана құйылады. Бұл тұрғыдан Қазақстанға инвестиция ағынының тоқтамауы – елдегі тұрақтылықтың жақсы көрсеткіші.

    Жалпы Орталық Азия саяси тәжірибе алаңынан гөрі, инвестиция мен логистикаға басымдық беретін аймаққа айналып келеді. Осы үдерісте Қазақстан мен Әзербайжан Каспий дәлізінің негізгі ойыншылары ретінде ерекше маңызға ие.”

    Бұл бағыт АҚШ пен оның одақтастарына Иранды және тұрақсыз Таяу Шығысты айналып өтуге мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, Тегеранды оқшаулау стратегиясы Каспий мен Түркияның транзиттік рөлін күшейтеді. Бастысы – Каспий теңізі Қытайдың «ішкі көліне» айналып кетпеуі керек.

    “Осындай жағдайда Сауд Арабиясы сияқты ірі араб елдері де өз мүдделерін түрік-каспийлік бағытпен ұштастыруы мүмкін. Нәтижесінде бұл аймақ Еуразияның жаңа қауіпсіздік және экономикалық жүйесін байланыстыратын негізгі буынға айналуы ықтимал” дейді саясаткер.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →