Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Алматыда автобус жүргізушісі көлік жүргізіп бара жатып қайтыс болды

    Алматыда автобус жүргізушісі рөлде қайтыс болды. Жолаушының ерлігі үлкен апаттың алдын алды. Оқиғаның мән-жайы мен компанияның мәлімдемесі.

    Алматыда автобус жүргізушісі көлік жүргізіп бара жатып қайтыс болды
    file_250.jpg

    Алматыда қоғамдық көлік жүргізушісі рөлде отырып, кенеттен көз жұмды. Абырой болғанда, жолаушылардың бірі дер кезінде әрекет етіп, автобусты тоқтатып үлгерген, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қайғылы оқиға 25 қаңтар күні Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысында болған. Автобус қиылысқа жақындағанда, жүргізушінің денсаулығы кенеттен нашарлап кеткен.

    «Жолаушылардың бірі жылдам әрекет етіп, жүргізушінің кабинасына кіріп, тежегішті басып үлгерген. Бұл оқыс оқиғаның алдын алуға мүмкіндік берді. Жолаушылар дереу жедел жәрдем шақырған. Алайда, оқиға орнына келген медицина қызметкерлері жүргізушінің қайтыс болғанын анықтады. Алдын ала диагноз – миокард инфарктісі», — деп хабарлады компания өкілдері.

    Белгілі болғандай, жүргізуші сол күні таңертең міндетті рейсалды медициналық тексеруден өткен. Ол компанияда 2023 жылдың тамыз айынан бері жұмыс істеп келген.

    «Автобус техникалық зақымданбаған, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ. Қажетті тергеу шаралары жүргізілгеннен кейін көлік құралы паркке жеткізілді», — деп толықтырды «Алматыэлектротранс» компаниясы.

    Компания басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтып, қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →