Астанада ауа райының күрт нашарлауына байланысты бастауыш сынып оқушылары уақытша қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, 23 қаңтарда бірінші ауысымда білім алатын оқушылар сабақты үйден оқиды. Бұл шешім қаладағы қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қабылданған.
«Ауа райының нашарлауына байланысты 23 қаңтарда бірінші ауысымда оқитын 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», — делінген ресми хабарламада.
Ведомство екінші ауысымдағы оқушыларға қатысты ақпараттың қосымша берілетінін ескертті. Ата-аналарға ресми хабарламаларды қадағалап отыруға кеңес берілді.
Фото: Әлеуметтік желіден
