Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 442,2↓€ 503,8↓₽ 5,24↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Юлия Путинцева әйгілі турнирде қарсыласынан басым түсті

    Юлия Путинцева әйгілі турнирде қарсыласынан басым түсті

    Фото: ҚТФ

    Қазақстанның екінші ракеткасы, әлемдік рейтингте 94-орында тұрған Юлия Путинцева Australian Open турнирінің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Qazaqtoday.info ақпарат порталы.

    Екінші кезеңде қазақстандық теннисші әлемнің 60-ракеткасы, франциялық Эльза Жакемомен кортқа шықты. Алғашқы сетте Путинцева қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Екінші партияда да ойынын бәсеңдетпей, 6:2 нәтижесін тіркеді.

    1 сағат 14 минутқа созылған матчта Юлия 6 брейк-пойнттың бесеуін тиімді пайдаланды. Ал Жакемо бір эйс жасап, бір ғана брейкпен (7 мүмкіндік) шектелді.

    Енді Путинцева төртінші айналымға шығу үшін әлемдік рейтингте 112-орында тұрған түркиялық Зейнеп Сонмезпен күш сынасады. Түркия өкілі турнирдің алғашқы кезеңінде сенсация жасап, әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрованы 7:5, 4:6, 6:4 есебімен жеңген болатын. Осылайша Зейнеп Сонмез «Үлкен дулыға» додасында қарсыласын ұтқан алғашқы түркиялық теннисші атанды.

    Сондай-ақ ол бүгін әлемнің 74-ракеткасы, мажарстандық Анна Бондарьды 6:2, 6:4 есебімен жеңіп шықты.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →