Жәнібек Әлімханұлының допинг дауы: Іс бойынша қосымша сараптама тағайындалды

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының допингке қатысты ісі бойынша қосымша сараптама тағайындалды. Бұл туралы Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Федерация президенті Рахымжан Ерденбековтің айтуынша, алғашқы тыңдау тек алдын ала өткен. Онда тараптар іс материалдары мен рәсімдерді тексерген, бірақ түпкілікті қорытынды жасалмаған.

«Бұл мәселе бойынша бөлек медициналық және құқықтық бағалау қажет. Допинг-сынамадан оң нәтиже шығуы спортшының қасақана әрекет еткенін бірден дәлелдемейді», — деп түсіндірді Ерденбеков.

Осыған байланысты іс бойынша қайта тыңдау 23 қаңтарға белгіленді. Федерация түпкілікті шешім барлық тексеріс толық аяқталғаннан кейін ғана қабылданатынын атап өтті.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика