Трамп БҰҰ-ға балама ұйым құрмақ: Тоқаев бірінші болып шақырту алды

АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевты Газа секторындағы жағдайды реттеу үшін құрылатын Бейбітшілік кеңесіне шақырды, ал Қазақстан оның негізін қалаушы мемлекеттердің бірі болуы мүмкін, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл ақпаратты Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай растады. Оның айтуынша, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бұл кеңесті Біріккен Ұлттар Ұйымының баламасы ретінде қарастыруда.

«Иә, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік көшбасшылардың бірі болып Бейбітшілік кеңесінің құрамына кіруге, ал Қазақстан оның негізін қалаушы мемлекеттердің бірі атануға ресми шақырту алды. Мемлекет басшысы АҚШ президентіне жолдаған жауап хатында шынайы алғысын білдіріп, осы жаңа бірлестіктің құрамына кіруге келісетінін растады», — деді Руслан Желдібай.

Баспасөз хатшысының сөзінше, Президент Тоқаев Қазақстанның Таяу Шығыста берік бейбітшілік орнатуға, мемлекетаралық сенімді нығайтуға және жаһандық тұрақтылықты сақтауға қомақты үлес қосуға дайын екенін жеткізген.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика