Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз • «Иберия 1999» үш голдың қысқа мерзімде соғылуынан «Копенгагенге» есе жіберді • «Арарат-Армения» 93-минутта есепте алда болып, еврокубок матчында жеңіліс тапты • WTA қорытынды турнирінде дәстүрлі топтық фото жасалмайды • Сарри «Аталантаның» «Қайратпен» матчтағы қателіктерін мойындады • «Қайрат» Италияда «Аталантамен» 1:1 есебімен тең түсті • «Бернли» бапкері Дастан Сәтбаевтың жарақаты туралы: алаңға қашан оралатыны белгісіз •

    Адамды алдайтын ЖИ-ге тыйым салынды: Қазақстанда маңызды заң күшіне енді

    Қазақстанда жасанды интеллект туралы заң күшіне енді. Құжат адамды алдайтын технологияларға тыйым салып, ЖИ жасаған контентті белгілеуді міндеттейді.

    Адамды алдайтын ЖИ-ге тыйым салынды: Қазақстанда маңызды заң күшіне енді
    file_146.jpg

    Қазақстанда жасанды интеллектіні (ЖИ) реттейтін жаңа заң толық күшіне енді. Бұл құжат технологияны қолданудың негізгі қағидаттарын, тараптардың жауапкершілігін және азаматтардың құқығын қорғау шараларын айқындайды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Заңның негізгі қағидаты – адам құқығының басымдығы. Яғни, жасанды интеллект азаматтарды саналы шешім қабылдау құқығынан айырмауы тиіс. Енді кез келген компания немесе мекеме азаматтардың дерегін жасанды интеллект арқылы өңдейтін болса, оларға бұл туралы ескертіп, оның салдарын түсіндіруге міндетті.

    Сонымен қатар жауапкершілік мәселесі нақты бөлінген. Технологияның жұмысына оның иесі, қолданушысы және әзірлеушісі бірдей жауапты болады.

    Жаңа заң бойынша жасанды интеллект жүйелері қауіп деңгейіне қарай жіктеледі. Ол ең төменгіден бастап, аса жоғары қауіптіге дейін бөлінеді. Қаупі жоғары деп танылған жүйелерге мемлекеттік жүйелермен бірдей қауіпсіздік талаптары қойылады.

    Заңда бірнеше әрекетке қатаң тыйым салынған. Нақтырақ айтқанда, мынадай ЖИ жүйелерін қолдануға болмайды:

    – Адамдарды манипуляциялайтын және алдайтын;
    – Адамның әлсіз тұстарын (жасы, денсаулығы, әлеуметтік мәртебесі) пайдаланатын;
    – Кемсітушілікке жол беретін;
    – Адамның келісімінсіз оның эмоциясын анықтайтын;
    – Дербес деректер туралы заңнаманы бұзатын;
    – Тыйым салынған контент жасайтын.

    Ең маңызды жаңалықтың бірі – жасанды интеллект көмегімен жасалған кез келген контент міндетті түрде таңбалануы керек. Ал авторлық құқық тек адамның шығармашылық үлесі болған жағдайда ғана мойындалады.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →