Алматы халықаралық әуежайында қолайсыз ауа райына байланысты бірнеше рейс кейінге шегерілді. Қалаға түскен қалың қар ұшақтардың ұшып-қону кестесіне әсер етті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Мамандар ұшу-қону жолағын қардан тазартып, жолаушылардың күту уақытын қысқарту үшін барлық шараны қабылдауда.
Дегенмен, әуе компаниялары үшін басты басымдық – жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып отыр.
«Құрметті жолаушылар, әуежайға шықпас бұрын рейсіңіздің нақты мәртебесін әуе компаниясынан немесе alaport.com ресми сайтындағы таблодан тексеріп алуды сұраймыз», — делінген әуежай әкімшілігі таратқан хабарламада.
Фото: Әлеуметтік желіден
