Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Маңғыстаудағы жол апаты: автобус жүргізушісі қамауға алынды (ВИДЕО)

    Маңғыстаудағы жол апаты: автобус жүргізушісі қамауға алынды (ВИДЕО)

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Маңғыстау облысында төрт адамның өмірін қиған жол апатынан кейін автобус жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Маңғыстау облысы полиция департаментінің ақпаратынша, жол апатынан 4 адам оқиға орнында қаза тапқан. Олардың 17-сі ауруханаға жатқызылған. Ал қалғандары амбулаториялық емге жіберілген.

    «Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген хабарламада.

    Естеріңізге салайық, Маңғыстау облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып, 4 адам қаза тапқан болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →