Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ресейдегі комбинатта 2 қазақстандық азаматтың мәйіті табылды

    Ресейдің Череповец қаласындағы металлургия комбинатынан Қазақстанның екі азаматының денесі табылды. Олар мердігер компанияда жұмыс істеген.

    Ресейдегі комбинатта 2 қазақстандық азаматтың мәйіті табылды
    file_108.jpg

    Ресейдің Череповец қаласындағы металлургия комбинатынан Қазақстанның екі азаматының денесі табылды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Ресейлік «Северсталь» компаниясының хабарлауынша, марқұмдар мердігер ұйымның қызметкерлері болған. Олардың денесі 14 қаңтар күні өндіріс алаңының аумағынан табылған.

    «Қазіргі уақытта олардың өлімінің себептері тексеріліп жатыр, оқиға орнында арнайы қызметтер жұмыс істеуде», — делінген компания хабарламасында.

    РФ Тергеу комитетінің Вологда облысы бойынша басқармасы да оқиғаға қатысты пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Череповецтегі тергеу бөлімінің қызметкерлері оқиға орнын тексеру және қажетті процессуалдық әрекеттерді жүргізу үшін сол жерге барған. Қайғылы оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.

    Фото: vologda.sledcom.ru сайтынан

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →